Кісі қолынан қаза тапқан спортшы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтеді
Биыл күзде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық сайыс өтеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.
Мәдениет министрі халыққа есеп беру кездесуінд Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық спорттық турнирді былтыр өткізу жоспарланған, алайда коронавирус пандемиясына байланысты шара 2021 жылға ауыстырылғанын айтты.
"Халықаралық коньки тебушілер одағы 2021 жылы қазан айында "Алматы арена" мұз айдынында Денис Тенге арналған халықаралық жарыс өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл сайысқа 10 мемлекеттен 100-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Десе де, халықаралық деңгейдегі ауқымды шараны осы жылдың күзіне жоспарлап отырмыз", – деді министр.
Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатын алғандықтан, қаза болған еді. Ол 2018 жылдың 19 шілде күні өзінің автокөлігінің айнасын ұрламақшы болған қылмыскерлерді байқап қалады.
Артынша қақтығыс орын алып, ұрлықшының бірі спортшыға екі рет пышақ сұғып алады. 25 жастағы Денис Тен көп қан жоғалтқандықтан мерт болды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
