Күшіктерді балтамен шауып тастаған: Өскеменде 56 жастағы ер адам ұсталды
Өскеменде күшіктерді аяусыз балталаған азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынды
Оның қатыгез әрекеті ғаламторда жария болып, жұрт жағасын ұстаған. Енді жануарды қорлағаны үшін ол заң алдында жауап беретін болады.
Ол әлі көзін аша қоймаған кішкентай күшіктерді балтамен шауып тастаған. Екінші адам оны жайбарақат ұялы телефонына түсірген. Бұл видео жария болысымен-ақ қаскөй ұсталды. Ол Өскемен қаласының 56 жастағы тұрғыны екен.
"Аталған ер адам анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Осы факті бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол жасаған әрекеттің мән-жәйі анықталуда”, – дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысында әйел тазы итті көлігімен сүйрегені туралы жазғанбыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”