"Кішкене сорып алайын": Ержан Максим 6 жасына дейін емізікті тастамағанын айтып күлдірді
Ержан Максим 6 жасына дейін емізікті тастамағанын айтып күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жақын арада екінші рет жеке шығармашылық концертін берейін деп жатқан Ержан Максим 6 жасқа дейін емізігін тастамаған. Алғашқы концертін 7 жасында берген оған балалық әдетін тастау өте қиын болыпты. Ұят болса да, емізігін сұрап соратын көрінеді. Бұл жайлы Ержанның өзі айтып берді.
"Мен 6 жасыма дейін емізік емгенмін. Әкем мен анам маған сынбайтын көлік алып берген болатын. Бұл балабақша кезінде. Сол кезде менің емізігім жоғалып қалса, тауып беріңдер деп айқайға басатынмын. Онсыз ұйықтамаймын. Түнде де сорып жатамын, түс кезінде де сол емізікті сорамын. Кейін балабақшаға кетіп бара жатып, анашым беріңізші, кішкене сорып алайыншы деймін де соңында, қимай беріп кететін едім", - дейді Ержан Максим.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген