"Қырылысып, айқайлап": Мейрамбек Бесбаев ставка тігетінін мойындады
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев ставка тігетінін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап.

Мейрамбек Бесбаев ақшасын қайда құртатынын айтып, ставка тігетінін жасырмады. Бәйгеге қаражатын тігіп, іштей уайымдайтын өнер иесі жақсы жанкүйер екенін айтты. Ұрысып, жанжалдасып бәс тіккен ол жұртқа әсер етіп кетемін деп уайымдаған.
"Кейде бір достарыммен отырған кезде бәйгеге тігіп қоямыз. Ай, тігіп аламыз да қырылысып, айқайлап көреміз. Жанкүйер болады. Ойбай, қазір Мейрамбек те ойнайды екен деп, көп адамға зияным тиіп кетпесін. Қазір неше түрілісі бар ғой. Ойнап кетпей ме көрерменіміз", - дейді Мейрамбек Бесбаев.
Мейрамбек Бесбаев көрермендерді уайымдап, мен тігеді екен деп, өзгелер де тігіп кетпесін деп қорқынышын жасырмады ол. Оған қоса, өнер иесі бәс тігудің де бірнеше түрі бар екенін айтып қалды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді