Қырғызстанда түрмеден тікұшақпен шыққан вебкам-студиясының иесі тағы да қамауға алынды

Қырғызстан президентінің кешірімімен түрмеден босатылған вебкам-студиялар желісінің негізін қалаушы Даниэль Ажиев қайтадан ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қырғызстандық БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, Даниэль Ажиев 6 наурыз күні Тоқмақ қаласында достарымен бірге демалып жүрген кезінде ұсталған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тінту барысында оның жанынан есірткі заттары табылған. Алайда ер адамның ұсталуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін Ажиев әлеуметтік желілерде тараған резонансты видеоға байланысты қоғам назарын аударған еді. Кадрларда Қырғызстандағы колония маңынан тікұшақтың көкке көтерілген сәті бейнеленген. Видеоның сипаттамасында тікұшақпен №8 түзеу колониясынан босатылған Ажиев ұшып кеткені айтылған.
Кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бостандыққа шыққан Ажиевтің әрекеті өзін таңғалдырғанын мәлімдеді.
“Анасы жылап, “біз толық үмітсіз жағдайда тұрмыз” деді, ал ұлы түрмеден шығу үшін тікұшақ жалдап жатыр. Сол кезде “демек, мені алдап кеткен екен” деп ойладым. Жалпы, көп адам менің мейірімділігімді пайдаланады. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Жұмсақ адам қатал болған кезде жағдай мүлде басқаша болады”, – деді Жапаров.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"