Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда тыйым салынған ауғанстандық газдалған сусын Қазақстанда сатылымнан алынбайды

Ауғанстанда өндірілген гранат хош иісі бар корольдік газдалған сусынның бояғышы балаларға зиян болғандықтан Қырғызстанда сатуға тыйым салынды. Алайда бұл өнімді Қазақстанда әлі сатуға рұқсат беріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ozon.kz

Мәліметтерге сенсек, шілде айының басында Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық инспекциясы корольдік анар сусынының құрамында E122 Азорубин бояғышы бар екенін хабарлады. 

Сарапшылар сусынды зерттей келе, онда балалардың белсендігі мен зейініне кері әсер беретін қосынды барын анықтаған. Осылайша Оштағы сауда орындарынан анар сусынының тәркіленіп жатқаны хабарланып, сауда желілерінің басшыларына бұл өнімді сатуға тыйым салу туралы бұйрықтар берілген.

Қазақстандық тарап бұл мәлімдемеге жауап беріп үлгерді. Бірақ еліміздің денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлағандай, сусынға тыйым салуға заңды негіз жоқ. 

Қазір газдалған сусын зертханалық сынақтан өтіп жатыр. Оның ұстіне E122 азорубин тағамдық қоспасын қолдануға рұқсат етілген дейді. Оның рұқсат етілген нормасы – 1 килограмм өнімге 50 милиграмм.


"Егер Кеден одағы елдерінің бірі шектеу шараларын енгізсе, онда Еуразиялық экономикалық одақ тәртібіне сәйкес, ол ЕАЭО құрамына кіретін барлық елді хабардар етуге міндетті. Бізге Қырғыз Республикасының денсаулық сақтау министрлігінен мұндай ақпарат келген жоқ. Бұл олардың бұл өнімге қатысты уақытша санитарлық шараларды енгізбей, тек бір аймақтан алып тастағанын көрсетеді", – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің техникалық регламенттерді бақылау департаментінің басшысы Әйгерім Садубаева.

Бір қызығы, ауғандық өнімнің тағамдық құндылығы, құрамы мен өндірушісі туралы бірде-бір ақпарат жоқ. Олардың өнімдері белгіленген таңбалауға сәйкес келмейтін болып шықты.

"Біз барлық аумақтық бөлімшеге бұл өнімнің сәйкестігі туралы декларацияның жоқ екенін, сондықтан оны әлі сатуға қабылдамау керек екенін барлық шаруашылық субъектілеріне хабарлауды ұсындық", – деді маман.

Ол деректер өнімге шектеулер енгізу үшін жеткілікті, бірақ тыйым салу үшін жеткілікті емес екенін атап өтті.

Өзбекстан бұл сусынға қатысты қайта зерттеу жүргізбек. 

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" газдалған анар сусынына тыйым салғанын жаздық. Ош қаласында анар сусыны сауда орындарынан тәркіленіп жатыр. 

Талқылау