Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқандар саны сегізге жетті
Ош облысының Ноокат ауданында сел салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ҚР ТЖМ
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 29 маусым күні кешке сел алып кеткен тағы бір әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр.
Осылайша, 28 маусымда Ноокат ауданында болған табиғи апаттан зардап шеккендердің саны сегіз адамға жетті. Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Олардың екеуі 11, қалғандары 8, 12, 16 және 19 жаста. Қаза тапқандар арасында екі әйел бар.
Қырғызстандағы жойқын селден екі қазақстандық бала қаза тапты
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқандардың көпшілігі туыстар.
"Қазіргі уақытта ақпарат нақтыланып жатыр", – деп хабарлады Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда сел жүріп бес адам қаза тапқаны туралы жазған едік. Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында болған.