Қырғызстанда қаза тапқан төрт баланың денесі елге жеткізілді
Ош қаласындағы сел кезінде мерт болған төрт қазақстандық баланың денесі Өскеменге жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/shko_resmi
“Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдары жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстандағы алапат сел салдарынан алғашында екі баланың, араға уақыт тағы екі қазақстандық баланың мәйіті табылған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”