Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда бұрын президенттікке кандидат болған шенеунік елге сатқындық жасады деп қамауға алынды

Қырғызстан президенттігіне кандидат болған Адахан Мадумаров сатқындық жасады деп қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.Media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Парламент депутаты Адахан Мадумаровқа қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылды. Оған "мемлекетке опасыздық" бабы бойынша айып тағылды. Тергеу судьясы оны 24 қазанға дейін ГКНБ тергеу изоляторына жіберді.

Депутат 2 қыркүйекте ұлымен серуендеп жүрген кезде ұсталған.

"Оның ісі 2009 жылы қол қойылған хаттамамен байланысты. 2009 жылғы 3 наурызда Қырғызстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған Адахан Мадумаров Тәжікстанмен хаттамаға қол қойды. Тәжік тарапынан құжатқа Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әмірқұл Әзімов қол қойды. Хаттамада тоғыз тармақ бар, олардың бірі Торт-Кочо жер учаскесіне қатысты. Қырғызстан 49 жыл бойы Ош – Баткен – Исфан тас жолын жөндеу және жаңа көпір салу үшін Тәжікстаннан ұзындығы 275 м, 5 га жерді жалға алды. Бірақ кейінірек бұл келісім шекарадағы проблемаларды тудырды", – делінген хабарламада.

Қырғыз тарапының пайымынша, бұл учаске сипатталмаған аймақ, ал тәжік тарапы оны Қырғызстанға жалға берілген өз меншігі деп санайды.

Енді шенеунік осы келісімге келгені үшін оны елге сатқындық жасады деп айыптап жатыр.

Талқылау