Қырғызстанда алапат сел жүріп, бес адам қаза тапты (видео)
Қырғызстанда алапат сел жүріп, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында болған.
Қырғыстан төтенше жағдайлар министрлігі дағдарысты басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Туыстары мемлекеттік тікұшақпен ұшып жүр: Қырғызстан президенті жиені үшін халықтан кешірім сұрады
"Өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқанда, барлығын сел алып кеткенін. Полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты", – делінген хабарламада.
Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған құрылыстың кесірінен лай көшкіні болғаны туралы жазған едік.