Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенттерінің отставкасында тылсым заңдылық байқалды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кету туралы шешімінен кейін көпшілік біртүрлі, мистикалық заңдылықты байқады. Мемлекет басшыларының бәрі 61 жасында лауазымынан кеткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің тұңғыш президенті Асқар Ақаев 15 жылға жуық мемлекет басшысы болғаннан 2005 жылы наурызда Қызғалдақ төңкерісінің нәтижесінде биліктен кетті. Ол кезде Ақаев 61 жаста болды. Оның ізбасары Құрманбек Бакиев 2010 жылдың сәуір айында болған ауқымды наразылықтардан кейін президент орнынан айырылып, Беларуське қашуға мәжбүр болды. Ол елді бес жыл басқарды, ал биліктен түскен кезде 61 жаста еді.

Роза Отынбаева елді жарты жылдан аз уақыт басқарды - 2010 жылдың шілдесінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін. Қырғызстанның алғашқы және жалғыз әйел президенті бұл лауазымды Алмазбек Атамбаев 2011 жылғы 1 желтоқсанда қызметке кіріскенге дейін атқарған.  Алмазбек Атамбаев 2017 жылдың 24 қарашасына дейін билікте болды. Отставкаға кеткенде Атамбаев та 61 жаста еді.

2017 жылғы 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті болып сайланды. Осы жылдың 4 қазанында өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар митингке шықты. Оның соңы жаппай наразылықтарға ұласып, тіпті ел астанасында төтенше жағдай жарияланды. Тоқтаусыз наразылықтардан кейін Жээнбеков отставкаға кетуге шешім қабылдады. 2020 жылы 15 қарашада ол 62 жасқа толады.

Талқылау