Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенті отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отставкаға кеткен Сооронбай Жээнбековтің өтінішінің толық мәтіні:

"Қымбатты отандастар! Еліміздің астанасы — Бішкектегі қоғамдық-саяси жағдай шиеленісе түсуде.

Кеше Жогорку Кенеш Үкімет құрамын бекітті, Қырғызстан президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлықтарына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті тоқтатқан жоқ.

Өкінішке қарай, агрессия азаймайды, менің тез арада отставкаға кетуім туралы талап жалғасуда. Қазіргі жағдай екі жақты қақтығысқа жақын.

Бір жағынан — наразылық білдірушілер, екінші жағынан құқық қорғау органдары. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Бұл жағдайда қан төгілетіні сөзсіз. 

Қымбатты отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарына қан төккен президент ретінде қалғым келмейді.
Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік біздің еліміздің тұтастығына зиян келтіруге тұрмайды. 

Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!", - деді ол.

Еске салайық, бүгін, 15 қазан күні Жээнбеков президенттік сайлауда жеңіске жеткеніне үш жыл толды. 2017 жылы ол 54,22 пайыз дауыс жинады.

Талқылау