Қырғызстан президенті қазақстандыққа сәйгүлік сыйға тартты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақтың ақыны Біржан Қалдыбаевқа сәйгүлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұны президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков мәлімдеді.
13 тамызда Қалдыбаев Шолпан-Атада өткен көкпар әлем кубогының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, екі халықтың достығы туралы ән шырқаған.
Осыдан кейін Қырғызстан президенті Бішкекте ақынға ат сыйлайтынын айтты. 20 тамызда Президенттің іс басқарушысы Қаныбек Тұмонбаев ақынға мемлекет басшысының сыйлығын тапсырды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды