Қырғызстан президенті қандай жағдайда отставкаға кететінін айтты
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде заңды басшылар бекітілгеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысының сайтында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жээнбеков елде болып жатқан жағдайды құқықтық арнаға қайтару керек екенін атап өтті.
Ол сондай-ақ парламенттік сайлаудың нәтижелерін жоюды және жаңа сайлауды ұсынды. Мәлімдемеде үкіметтің қазіргі құрамы таратылатыны да айтылған.
"Мен түрлі партиялармен жеке келіссөздер жүргізіп жатырмын. Құрметті саяси көшбасшылар, президент ретінде, мен осы тығырықтан шығудың жолын табу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын", - деді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков.
"Қажетсіз қызмет үшін қалтамыздан төлеп отырмыз": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі