Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 500-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 500-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр. Шекарашылар мұны ауа райының жақсаруымен байланыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шекарашылар Жамбыл облысындағы ауа райының жақсаруына байланысты Қырғызстаннан Қазақстанға және басқа елдерге жүк көлігінің ағыны күрт өскенін атап өтті.
"22 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша "Ақ-Тілек-автодорожный" өткізу бекетінің алдында 468 жүк көлігі шекаралық бақылауға тұрды", - деп хабарлады шекара қызметі.
Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық бақылау-өткізу бекеттері әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"