AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмек ретінде жөнелткен ұнын сатып жібермек

Қазақстан Қырғызстанға мерзімі өтуге жақын он мың тонна ұнды гуманитарлық көмек ретінде жөнелтті. Қазіргі таңда Қырғызстан үкіметі ұнды сату туралы ұсынысты талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media порталына сілтеме жасап. 

Ұнды сату туралы Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев  ұсынған. Оның сөзінше, өнімнің мерзімі жақындағандықтан оның ылғалдылығы жоғары болады.

"Ұнның мерзімінің аяқталуына екі айға дейін уақыт қалды. Сондықтан оны сатып, түскен ақшаға дән алуды ұсынамын", – деді министр. 

Бұған қоса, ол биыл елдегі фермелерден 150 тонна дән сатып алу жоспарланғанын, алайда егістің болмауына байланысты тек 10-15 тонна дән келетінін қосты. Өз кезегінде Қырғызстан үкіметінің басшысы Ұлықбек Марипов ұнды сату механизм дайындауды тапсырды. 

Сонымен қатар үкімет отырысында Қырғызстанның экономика және қаржы министрі Ақылбек Жапаров екі-үш айда ел шекарасы жабылатынын, соның салдарынан мемлекет ұнсыз қалуы мүмкін екенін жеткізген. 

"Қазірден бастап қамдана берген жөн. Қолдан келгенше қажетті азық-түлік өнімдерін елге жеткізу қажет. Егер шекара жабылса, біз мүлдем ұнсыз қаламыз", – деді ол. 

Айта кетсек, 10 мың тонна ұн Қырғызстанға мамыр айында жеткізілген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр