Қыран Талапбек өмірлік жарын қалай кездестіргенін баяндады
Қыран Талапбек Анара Батырханға берген сұхбатында Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқаннан кейінгі күйзелісі жайлы және сүйіктісін қалай кезіктіргенін айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/kyran_talapbek/aizhuldyz_adaibekova
“Ажырасқаннан кейін 4-5 айдан соң ресторанда бір қызды көріп, ұнатып қаламын. Қыз анасымен бірге отырғандықтан, нөмірін сұрай алмадым. Қарасам, тамақтың ақысын бонуспен төлеп жатыр екен. Бонуспен түссе, нөмірі базада бар деген сөз. Жанына барып: “Мен – режиссермін” деп айтамын деп ойлағанмын. Айнып қалдым. Даяшы арқылы нөмірін тауып алдым. Сөйтіп хабарласып, таныстық. Біз жарты жылдан көп уақыт дос ретінде араласып жүрдік. Тіпті көріспедік. Мен негізі бір адаммен ұзақ уақыт сөйлесе алмаймын. Ол жұмыс болсын, отбасым болсын, жеке өмірім болсын. Сөйтіп жұмыстан үйге келіп оған хабарласамын. Бір қызығы, “өмірлік жарыммен” дейінші, кештен бастап таңға дейін сөйлесемін. Екеуіміз жақсы түсінісеміз. Менің өмірімде бәрі астан-кестең болып жатқанда ол қыз мені түсіне білді. Содан мен оған кездесейік деп ұсыныс жасадым”, –дейді танымал мобилограф.
Еске салайық, бұған дейін Қыран Талапбек пен отандық актриса, блогер Гүлзада Тұрлашпен қарым-қатынаста екені жайлы ақпарат тарады. Алайда Қыран бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Сүйіктісінің бар екенін мойындаған Қыран Талапбек оның есімін жария етуге асықпайды. Бағдарлама жүргізушісінің “жария етпеймін” деген уәдесін алған ол Анара Батырханға жасырын түрде сүйіктісінің суретін көрсетті.
“Басым бос емес. Уақыты келгенде кім екенін білесіздер. Мен қазір бақыттымын. Мені қолдай алатын адамды таптым”, – дейді Қыран.
Сондай-ақ Қыран бұрынғы әйелі, ұлының анасы Айжұлдыз Адайбековамен қандай қарым-қатынаста екенін жасымрай айтты.
“Мен оны тек құрметтеймін. Ол менің бұрынғы өмірім, ол өтті, кетті. Мен бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді. Баламның анасын сыйлаймын. Мен үшін ол – ұлымның анасы. Айжұлдызбен өмірімнің бақытты сәттерін бастан өткердім. Ондай жанды мен жамандамаймын. Оның әке-шешесін де қатты құрметтеймін. Мен ажырасамын деп үйленген жоқпын. Біз болған жағдайға анализ жасап, одан қорытынды шығарып, өзара келісімге келдік. Бастысы екеуіміздің арамызда бала бар ”, – дейді ол.
Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова Қыран Талапбекпен заңды түрде некеге тұрмағаны жайлы айтқан болатын.