"13 жылдан кейін есіме түсірді": Қыдырәлі Болман ұлының кіндігін кескен сәтін есіне алды
Танымал әнші, продюсер Қыдырәлі Болман балаларының дүниеге келген сәтін еске түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Өнер иесі үшінші ұлының кіндігін өзі кескен көрінеді.
“Қарақатым перзентханада толғатып жатқанда дәлізде дұға етумен болдым. Жарымның аман-есен жаны қалуын тілеп жатырмын. Анық 5-6 сағат сүре оқып отырғаным есімде. Таң ата көзім ілініп кетіпті. Медбике келіп, “Тұрыңыз, ұлды болдыңыз!” деді. Сасқанымнан атып тұрыппын. “Балаңыздың кіндігін кесіңіз” деді. Өмірімде бірінші рет баламның кіндігін кестім. Осы күнге дейін әкесі кіндігін кесті деген сөзі естімеппін. Сөйтіп, Нұрәлиімнің “кіндік шешесі” атандым”, – деп күлді продюсер.
-
Батырхан Төлеуғали Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
-
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Чехиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Одан кейін әнші “кіндік шеше” атанғанын ұмытып, 13 жылдан кейін барып есіне түсірген.
“Жыл сайын мерекелерде басқа балаларымыздың кіндік шешелері сыйлықтарды үйіп төгеді. Нұрәли ғана сыйлықсыз қалады. Оны біз де байқамаппыз. Бір күн ұлым: “Менің кіндік шешем кім, неге ол келмейді?” деп сұрады. Сол кезде барып, ұлымның кіндік шешесі өзім екені есіме түсті. “Мен едім сенің кіндік шешең. Ол туралы ұмытып кетіппін. Айып менен болды. Мен енді саған әкең ретінде бір сыйлық, “кіндік шешең” болғаным үшін тағы бір мәрте сыйлық беремін” деп уәде бердім. Енді маған кіндік шешенің міндеттеріне не кіретінін үйрену керек болды”, – деді медиаменеджер.
Еске салайық, продюсер Германияға барып, емделіп келгенін жазған едік.