Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімге СМС жібергенін білмеген: «Голос» шоуында ресейлік зауыт жұмысшыларына дауыс беру үшін ақша бөлінген

Курсктағы әскери зауыттың жұмысшылары «Голос. Дети» шоуының ақтық кезеңінде кім үшін СМС жіберіп жатқанын білмеген. Байқау нәтижесінде әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңген еді. 

Кімге СМС жібергенін білмеген: «Голос» шоуында ресейлік зауыт жұмысшыларына дауыс беру үшін ақша бөлінген

«Авиаавтоматика» зауытындағы жағдаймен таныс адам желідегі жабық пабликтердің бірінде шоудың ақтық кезеңі өтетін күні кәсіпорынның 500-ге жуық жұмысшысын жинап, 3 мың рубльден (17 мың теңгеден аса) беруге уәде етіпті. Оның 2 мың рублі (11 мың теңгеден аса) СМС ақысы (50 рубльден 40 хабарлама) үшін, ал қалған 1 мың рублі (6 мың теңгеге жуық) қатысқаны үшін төленіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Взгляд" газетіне сілтеме жасап. 

Адамдарға кімге дауыс беру керектігі алдын ала айтылған. Оларға 20 хабарламадан жіберілуі керек телефон нөмірі хабарланған. Осылайша, жұмысшылар шоудың ақтық кезеңі мен суперфиналында дауыс беруге қатысқан болуы мүмкін. 

Зауыттың 500 жұмысшысының «Голос» шоуының жеңімпазына 10 мың СМС жолдауға мүмкіндігі болған. Егер олардың бәрі Микеллаға дауыс берді десек, онда Курстағы бір зауыттың өзі оған барлық СМС-дауыстың шамамен 10 пайызын жинап береді. Байқау нәтижесінде Алсудың қызына жалпы саны 109 мың дауыс берілге еді. Ал Ержан Максим 62,7 мың, Валерия Кузакова 35 мың дауыс жинаған.

Дереккөз мәліметінше, дауыс бергендердің бәріне уәде етілген ақша берілмеген. Мысалы, кей жұмысшы тек СМС үшін ақша алыпты. Хабарлама авторы қалған ақшаны дауыс беруді ұйымдастырушылар өз қалтасына басқан болуы мүмкін деп топшылады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық Group-IB компаниясы "Голос. Дети" байқауындағы дауыс санын қайта тексеріп, кибершабуылдар мен сандық тексерулерді жүзеге асырады.

Компания мамандары тәуелсіз тергеу жүргізіп, телефон қоңыраулары мен SMS-хаттарды санайды. Өзге де технологиялық қабылдауларды есепке алады. Шоудың дауыс беру жүйесін тексеру үшін бір аптадан бір айға дейін уақыт қажет. 

"Голос. Дети" шоуының финалы мен суперфиналы 25 сәуірде өтті. Екі кезең бойынша Абрамова ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның тәлімгері әнші Светлана Лобода болған еді. Желі пайдаланушылары байқаудың қорытындысын сатып алынған, ал өнері — масқара болды деп шулады. Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинап, ұнату белгісін басқан адамдар саны 862 ғана болған.

Талқылау