Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кім мықты қимылдайды: Қазақстандық 7 танымал бикештің ортақ биі жұртты сүйсіндірді (видео)

Былтыр тұрмысқа шығамын деп ниеттенген әнші Луина продюсері әрі сүйіктісі Жомарт Сүлейменовпен биылғы жылдың басында айырылысқан еді. Алайда бір мезетте күйеужігітінен де, өнердегі қамқоршысынан да айырылып қалған әнші мойыған жоқ. Ол баз бұрынғыша шығармашылығын шыңдап, сахнаға шығуын жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жуырда Луина жеке әнші ретінде алғашқы бейнебаянын таспалады. Экс-продюсеріне өзін дәлелдегісі келді ме, әйтеуір әнші желіні “жаратындай” туынды әзірлеп жатқанын хабарлады. Бұл орайда Луинаға өнердегі әріптестері де көмекке келді. 7 бірдей танымал отандық бикеш әншінің бейнебаянына түсіп, шығармашылығының дамуына үлес қосты.

Луинаға қолдау көрсеткендер қатарында Ділназ Ахмадиева, Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева, Рано Омарова, “Қазақстан аруы” Айдай Исаева және тағы да басқа бикештер бар. Желіде аты аталған бұрымдылардың Hey-YO әніне билеген видеосы пайда болды.

Шапшаң қимылдап, мың бұрала билеген өнерпаздардың өнерін желі қолданушылары жоғары бағалап жатыр.

Ал бейнебаянның толық нұсқасын жақын күндері тамашалай аласыздар.

Оқи отырыңыз: 

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Жеңіс Ысқақова жас көріну үшін қабағының терісін алдырып тастаған

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Талқылау