"Кім көрінгенді алады": Бақытжан Сағынтаев Алматы автобустарының жүргізушілері туралы
Алматы қаласының әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында біліктілігі төмен жүргізушілерді сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қаламызда автобус жүргізушілерімен нағыз проблема туындап отыр. Олардың арасында біліктілігі барлар жоқ. Жұмысқа кім көрінгенді алады. Кейбір жүргізуші паркте түнеп, жол жүрген кезде ұйықтайды. Осының салдарынан көптеген апат болуы мүмкін», - деді әкім.
Мұнымен қатар, Алматы қаласының жаңа әкімі көлік жетіспеушілігін реттеуге уәде берді.
«Осы жылы Қытайдан 200 автобус келеді деп күтіп отырмыз. Автобустар арасындағы интервал 10-15 минутқа қысқарғаны жөн. Сол кезде біз қоғамдық көлік жетіспеушілігі мәселесін реттейтін боламыз», - деп қосты ол.
Сондай-ақ, қала басшысы троллейбус паркінің де жаңаратынын жеткізді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”