AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық істің тергеу барысына ықпал етемін: Алматыда көптеген алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Алматы тәртіп сақшылары бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктелген әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, бөлімше "құдіретті" әйелден зардап шеккен үш адамның арызын өңдеуде. Біріне әлеуметтік баспана кезегін "жылжытып беремін", екіншісіне банктен қайтарымсыз несие алуға көмектесетінін, ал үшіншісі қылмыстық істің тергеу барысына ықпал ете алатынын айтып қаражат алған. 

"Бұл адамдар алданып қалғандарын түсініп, ішкі істер органдарына жүгінді. Полиция қызметкерлері 1979 жылы туған әйелді ұстады. Тергеу мерзіміне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралады. Сонымен бірге басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр