Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыстық іс 15 томнан тұрады - Экс-депутат Әлтаевқа қатысты сот отырысы жабық түрде өтетін болды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың қылмыстық ісі 15 томнан тұрады. Прокурор Олжас Хайруллаев сот процесінің жабық өтуін сұрады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“31 қазанда Нұржан Әлтаевқа (бұрынғы вице-министр) қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Оған аса ірі көлемде ақша түріндегі пара алды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі) бойынша айып тағылған. Алтаев Н. Мырзахметов А-дан делдал арқылы 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін жалпы қамқорлық және "Атамекен" ҰКП мүдделерін лоббирлеу үшін жалпы сомасы 50 миллион теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8,15 миллион теңге) қаражат алды деп айыпталуда. Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер бар”, – делінген сот баспасөз қызметінің сейсенбіде таратқан ақпаратында.

Прокурор Олжас Хайруллаев өз өтінішін процеске "белгісіз тұлғалардан" қорқытулар алған кейбір қатысушыларды қорғау үшін сотты жабық өткізуді сұрады.



“Қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот отырысын жабық өткізуді сұраймын”, – деді Хайруллаев елордада өткен соттың алғашқы тыңдалымында.

Судья Айжан Құлбаева өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Прокурор Олжас Хайруллаев сонымен қоса судьядан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады. Судья Айжан Құлбава бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Демек сот процесі кезінде Алтаев уақытша ұстау изоляторында қалады деген сөз.

Талқылау