Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыскерлерді қинағаны үшін: Заречныйдағы түрме басшыларын жұмыстан шығарып жіберді (видео)

Заречныйдағы түрме басшыларын жұмыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews басылымына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы Заречный түрмесінде  ЛА-155/8 колониясының басшысы қылмыскерлерді қинағаны үшін жұмыстан босатылған. 

"Ішкі тергеу жүргізілді, нәтижесінде тәртіптік комиссияның отырысы өтті. Алматы облысы бойынша департаментің 14 қызметкері жазаланды. Олардың жетеуі жұмыстан босатылды. Оқиға орын алған ЛА-155/8 мекемесінің бастығы жұмыстан босатылды", - деді баспасөз орталығы.

"Youtube желісінде LA 155/8-де түсірілген бейнежазбалар жарияланған. Екі видеода сотталушыларға қатысты мекеменің күш қолданғаны туралы фактілер анықталды. Біз 40-қа жуық видео таптық. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс Алматы облыстық прокуратурасының құзыретіне берілді", - деді КУИС төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

Оның айтуынша түрмелерге қатысты 21 адам түрлі қылмыс жасап, айыптылар жауапкершілікке тартылды. Жәнібеков департамент бұл мәселемен күресіп жатқанын жеткізген.

Видео YouTube-те жарияланды. Автор түсірілімді жасырын камерамен жүргізген. Аталған кадрларда түрмедегілердің біреуінде спортзалдың еденінде бұралып жатқан адам бейнеленген.

Талқылау