Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қылмыс деңгейі бойынша әлем рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-орынға тұрақтады

2024 жылға арналған қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінде 75-орынға ие болды. Елдің индексі 45,9, яғни орташа деңгей болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Numbeo сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

2024 жылы қылмыс деңгейі бойынша ең қауіпті елдер Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан болса, ең қауіпсіз елдер Андорра, БАӘ және Катар болды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда қылмыс деңгейі Қырғызстан, Беларусь және Украинада жоғары. Ал Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей және Молдовада жағдай жақсырақ.

Рейтинг келесі санаттарды есепке алған сауалнамаларға негізделген:

  • Қылмыс деңгейі туралы жалпы түсінік;
  • Күндіз және түнде жүргенде қауіпсіздік сезімі;
  • Нақты қылмыстар туралы алаңдаушылық - тонау, ұрлық, көлік ұрлау, бейтаныс адамдардың шабуылдары, қоғамдық орындарда тиісу және кемсіту;
  • Тонау, ұрлық, бұзақылық ауқымын бағалау;
  • Зорлық-зомбылық қылмыстарға қатысты көзқарас, соның ішінде шабуыл, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық және т.б.

Рейтинг мамандары 20 индексі кезінде қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 40-қа дейін төмен, 40-тан 60-қа дейін орташа, 60-тан 80-ге дейін жоғары, ал 80-ден өте жоғары қылмыс деңгейі қарастырылатынын атап өтті.

Қазақстанның ресми статистикасы бойынша, биыл қаңтар-ақпанның соңында Қазақстанда қылмыс деңгейі 10 мың адамға шаққанда 78,6 қылмыстық құқықбұзушылыққа тең, ал бір жыл бұрын 81,6 болған.

Өңірлер бойынша қылмыстың ең жоғары деңгейі Астанада байқалады, онда 10 мың адамға шаққанда 156,9 құқықбұзушылық  болады. Одан кейін Алматы мен Атырау облысында көп (10 мың адамға шаққанда тиісінше 125,5 және 85,8 құқықбұзушылық).

Ең аз қылмыс Түркістан облысында деуге болады, 10 мың адамға шаққанда 34,1 құқықбұзушылықтан келеді. Дегенмен бұл полицияға тіркелген істер бойынша есептелген.

Екі айда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 25,9 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,7% аз. Ең көп құқықбұзушылық Алматы (4,6 мың), Астана (3,7 мың) және Алматы облысында (1,9 мың) тіркелген. Ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында, онда 239 жағдай делінген.

2024 жылдың екі айында 8,9 мың қылмыстық құқықбұзушылық жасалған. 

Қылмыстық құқықбұзушылықтан келтірілген залалдың белгіленген мөлшері – 116,5 млрд теңге, бұл 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2,8% артық.

Талқылау