Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиын таңдау жасап, мансапта табысқа жетеді": Мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

Көктемнің соңғы айында барлық жұлдыз белгісіне сәттілік серік болмақ. 2024 жылдың мамыр айы әр адамға ерекше шабыт сыйлайды. Келер ай жұлдыз белгілерінің жанкешті әрекеттеріне, перспектива мен қызық сәттерге толы болмақ. Stan.kz тілшісі мамыр айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Фото: Pinterest

Астрологтар мамыр айы барлық жұлдыз белгілері үшін қолайлы болады деген болжам жасады. Әсіресе, бикештер мен тауешкілерге жаңа мүмкіндіктер туып тұр. Сондай-ақ Марс планетасы арыстандар, тоқтылар мен мергендерге алға қойған мақсаттарына жетуге қуат береді.

Тоқты (21.03 – 19.04)

Мамыр айында тоқтылар өздерінің бір жерде тұралап қалғанын түсінеді. Барын салып тырысса да, ешбір ісі алға баспайды. Бірақ бұған бола еңсені түсіріп, өзіңізге деген сенімді жоғалтудың қажеті жоқ. Керісінше, жаңа деңгейге өтіңіз. Өзіңізді дамытыңыз, оқу оқыңыз, жаңа мамандық меңгеруді бастаңыз. Себебі мансапта сізді жаңа мүмкіндіктер мен жаңалықтар күтіп тұр. Тоқтылар үшін 20 мамырдан кейінгі кезең қолайлы болмақ. Жұлдыздар әйел-тоқтыларға эмоцияға берілмей, ұстамды болуға кеңес береді. Жұмыстағы қарбаласқа қарамастан сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Егер сүйіктіңіз болмаса, жаңа таныстықтан уақытша бас тартқан жөн. Ал ер адамдар бұл айда тұрақтылық пен сенімді сезінеді. Отбасылық жанжалдардың алдын алу үшін жақындарыңыздан мейіріміңізді аямаңыз.

Торпақ (20.04 – 20.05)

Көктемнің соңғы айы торпақтарға тыныштық сыйлайды. Барлық эмоциялық күйзеліс артта қалғанда, демалып үзіліс жасаңыз. Жетістіктерге жету үшін де күш керек. 15-18 мамыр аралығында дүниеге келген тоқтылардан қаржы, жылжымайтын мүлік, басқа да мүлік сынды материалдық тұрғыдан өсу байқалады. Әйел-торпақтар үшін мамыр оңай болмайын деп тұр. Бітпейтін түсініспеушіліктер сізді абсурд жағдайға дейін жеткізуі мүмкін. Алайда отбасында тыныштық болады. Екінші жартыңыз құт-берекесімен қуантады. Ал еркек-тоқтылар үшін мамыр айы сәтті басталады. Не нәрсені қолға алса да, мінсіз нәтиже көрсетеді. Жаныңыз энергия, шабыт пен құмарлықты қалайды. Бірақ әр нәрсенің шегі барын естен шығармаңыз. 

Егіздер (21.05 – 21.06)

Мамыр айы егіздерді қиын кезең күтіп тұр. Шеті мен шегі жоқ қиындықтар. Достарыңыз сізді түсінуден қалады, жұмыстағы тапсырмалар қиындайды, сондай-ақ отбасындағы жиі жанжалдарға да дайын болыңыз. Жұлдыздар жүйке жүйеңізді сақтауға, абыройыңызды жоғалтпай, қиынықтарды жеңіп үйренуге кеңес береді. Мамырдың 20-сынан кейін жаңа мүмкіндіктерге ие болуыңыз әбден мүмкін. Егер әйел-егіздерге жұмыста жақсы ұсыныстар түсетін болса, біліңіз, ол сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы. Алайда бірден келіспеңіз, алдымен жақындарыңызбен кеңесіп, тәуекел жайын да ескеріңіз. Ар еркектерге мамыр айы оңайға соқпайын деп тұр. Оларға әр пікірі мен көзқарасын дәлелдеуге тура келеді. Жұлдыздар оларға күшіңізді бос кетірмей, сіздің көмегіңізге зәру адамға болысуға кеңес береді. 

Шаян (22.06 — 22.07)

Келер айда шаяндар өздерін шаршаңқы сезінеді. Ең бастысы эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз. Иммундық жүйені нығайту үшін жиі таза ауаға шығыңыз, жаяу серуендеңіз, балғын көкөніс пен жеміс-жидек жеңіз. 15-18 маусымда туған шаяндар достарымен, қауымдастықпен материалдық негізде ынтымақтастықты нығайтып, жаңартып, келіспеушіліктерді шеше алады.Шаян жұлдыз белгісіндегі әйелдерді жеке өмірінде де, жұмыста да өзгерістер күтіп тұр. Үміттенуді доғарыңыз, тағдырыңыз сіз үшін шешім қабылдайды. Жұлдыздар еркек-шаяндарға әріптес әйелдерден аулақ жүруге кеңес береді. Көңіліңіздің алаңдай беруінің басты себебі – солар. Бұл айда байлықтың соңынан қуып қажеті жоқ. Ауқымды жобаны қолға алмас бұрын, “Көтере алмайтын шоқпарды беліме байлап жатқан жоқпын ба?” деп ойланғаныңыз жөн. 

Арыстан (23.07 — 23.08)

Бұл жұлдыз белгілері әдеттегідей өршіл, идеяға толы. Алайда мамыр айында көп жобаны бірден алудың қажеті жоқ. Оларды асықпай іске асырғаныңыз жөн. 20-24 шілде аралығында туған арыстандар жаңа бірлестікке мүше болып, қоғамдық ортада жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік алады. Әйел-арыстандардың физикалық денсаулығы мықты, алайда эмоциялық күйіңіз көңіл көншітпейді. Жүйке жүйеңізді сақтаңыз, демалыңыз. Сондай-ақ құжаттарға мұқият болыңыз. Болмашы қате үлкен мәселелерге әкеліп соғуы мүмкін. Ал еркек-арыстандар үшін мамыр айы қолайлы болады. Сүйікті ісіңізді тауып, мүмкіндіктеріңізді көрсете аласыз. 

Бикеш (24.08 — 23.09)

Көктемнің соңғы айында бикештердің өз қателерін түзеуге мүмкіндігі бар. Оңай болмасы анық, десе де, тек осылайша жаңа өмір бастап, еркін тыныстай аласыз. 20 мамырдан кейін мансап пен әлеуметтік ортадағы дамуыңызға назар аударған жөн. Тиімді келісімшарттарға қол қою және басшылықпен қарым-қатынасты жақсартуға, нығайтуыға мүмкіндігіңіз бар. Әйел-бикештер мамыр айында өзінен ақылды, мықты, бай жігітті іздейді. Бірақ қиялға берілмей, салқынқандылықпен ақылға салып ойланыңыз. Жұмыста табысқа кенеліп, әріптестеріңіздің қызғаныш сезімін оятып алуыңыз мүмкін. Бірақ оған мән бермей, алға қарай жылжыңыз. Ал ер адамдарға жұлдыздар эмоция мен сезімге сенуге кеңес береді. Жұмыстағы қарбаласқа қарамастан жеке өміріңізге де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. 

Таразы (24.09 — 23.10)

Мамыр айында таразыларға таңдау жасау керек болады. Не отбасы, не мансап… Екі жақты саралап, таңдау жасаңыз. Бірақ жасаған таңдауыңызға байланысты сол бағытқа түбегейлі бет бұруға тура келеді. 20 мамырдан кейін өз бастамаларыңызды көрсетуге, халықаралық шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар. Келер ай романтикалық қарым-қатынастар үшін де өте қолайлы. Жұлдыздар әйел-таразыларға жұмыста ақылға салып шешім қабылдауға кеңес береді. Эмоция жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Ал еркек-таразылар мамыр айында мансапта, материалдық тұрғыдан үлкен жетістіктерге жетуге тырысады. Ақшаға құнығып кетуіңіз мүмкін. Бірақ мұның соңы жақсылыққа апармайды. Салдары денсаулығыңыз бен адамдармен қарым-қатынасыңызға кері әсер етуі ықтимал.

Сарышаян (24.10 – 22.11)

Көктемнің соңғы айында сарышаяндардың жаны түбегейлі өзгерістерді қалайды. Дегенмен қалыптасқан үрдістерді бұзатын радикалды қадамдардан гөрі тұрақтылықтың әлдеқайда жақсы екенін естен шығармауымыз керек. Мамыр айын ұсақ-түйек дүниені өзгертуден бастаңыз, ал батыл әрекеттерден әзірге бас тартқан дұрыс. Бұл жұлдыз белгісіндегі әйелдердің өмірінде материалдық тұрғыдан бірқатар мәселелер туындауы мүмкін. Тұрмыста да түрлі қиындықтар туындайды. Бірақ ашуыңызды сүйіктіңізден алудың қажеті жоқ. Сіздің ауыр сөздеріңіз жақындарыңыздың жанын жаралауы мүмкін. Әсіресе, ата-анаңызмен сөйлескенде мұқият болғаныңыз жөн. Ал еркек-сарышаяндар дос таңдауға келгенде сақ болу керек. Өйткені кей жолдастарыңыз сіздің адал ниетіңізді пайдаланып жүруі әбден мүмкін. 

Мерген (23.11 – 21.12)

Мамыр айы мергендерге сәттілік әкеледі. Келер ай қуанышты сәттерге толы болмақ. Уайым мен мазасыздық артта қалып, мәселелер өздігінен шешімін табады. Көңіл-күйіңіз бен энергияңызды басқаларға бөлісіңіз. Бұл жақындарыңызға мотивация беруі мүмкін. Әйел-мергендердің жан дүниесінде тыныштық орнаса да, іштей қанағатсыздық сезімі болуы ықтимал. Көп құбылыстар мен өзгерістер сіз жоспарлағандай болады. Барлығын өзгертуге тырыспаңыз, басқа сауалдардың шешімін тауып көріңіз. Отбасыңызға, өзіңізге, ата-анаңызға көбірек көңіл бөліңіз. Ал ер адамдарға жұлдыздар эксперимент жасауға, жаңа дүниені байқап көруге кеңес береді. Кез келген бастамаңыз жақсы нәтиже көрсетеді. 

Тауешкі (22.12 – 20.01)

Мамыр айы тауешкілер үшін шиеленіске толы болмақ. Бірақ шешілмейтін мәселе жоқ. Өзіңізді қолға алып, үрейге бой алдырмаңыз. Бастысы мәселенің өздігінен шешілмейтінін түсініңіз. Оны шешу үшін үздіксіз әрекет ету қажет. Бұл жұлдыз белгісіндегі әйелдер мансабында өседі. Бірақ бәрін басып озып, жеңуге тырыспаңыз. Әріптестеріңізбен, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды құртып алмаңыз. Балаларыңызға ерекше көңіл бөлуге тырысыңыз. Еркек-тауешкілердің сүйіктілері одан көп нәрсе талап етсе, онымен ара қатынасыңызды үзгеніңіз жөн. Есіңізде болсын, жақсы көретін адам сізді бар болмысыңызбен қабылдайды. 

Суқұйғыш (21.01 – 19.02)

Көктемнің соңғы айы суқұйғыштар үшін тыныш, алаңсыз өтеді. Асықпай сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, сізді керемет нәтиже күтіп тұр. Айдың соңғы онкүндігінде балалармен саяхатқа шығуыңыз мүмкін немесе шығармашылық жобаңызды аяқтауыңыз ықтимал. Жұлдыздар әйел-суқұйғыштарға үй шаруасымен айналысуға кеңес береді. Жаныңыздың тыныштығын қамтамасыз етіп, күйзеліске түспеудің амалын жасаңыз. Жиі қонаққа барып, достарыңызбен араласыңыз. Шулы, ойын-сауықтық кештерден бас тартқаныңыз жөн. Ал еркек-суқұйғыштарға қол қоятын құжаттарға мұқият болу керек. 

Балықтар (20.02 – 20.03)

Балықтар үшін мамыр айы қызық сәттерге толы болмақ. Көп оқиғалар мен шаруалардың басы-қасында жүресіз. Есесіне, мұның арқасында өміріңіз жақсы жаққа өзгеріп, жаңа таныстықтарға кез боласыз. Мамырдың екінші жартысында балықтар жылжымайтын мүлік және мүлік мәселелеріне қатысты түсініспеушіліктің алдын алу үшін ата-аналарымен қарым-қатынаста мұқият болу керек. Жұлдыздар әйел-балықтарға өзіне сенімді болуға, өзгерістерге дайын болуға кеңес береді. Сонда олардың өмірі жақсы жаққа өзгереді. Келер айда жұмысыңызда табысқа кенелесіз. Бұл жұлдыз белгісіндегі еркектерге жеке өмірінде белігілі бір мәселелердің басын ашып алу керек болады. Ниетіңізді дұрыстап, белгіленген бағыт бойынша жүріңіз. 

Талқылау