Киевтегі тұрғын үйге зымыран құлады
Киевтің шетіндегі Жуляны әуежайы маңындағы тұрғын үйге зымыран құлады. Кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің алдын-ала мәліметтері бойынша зардап шеккендер жоқ. Киев мэрі Виталий Кличко үйге төтенше жағдайлар қызметінің жеткенін айтты.
Кейбір мәліметтер бойынша, үйге екі зымыран түскен.
- Зеленский: Біз жалғыз қалдық, Еуропа Украинаға өте баяу көмектесіп жатыр
- "12 мың адам жинаған": Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ресейге көмектесуге дайын екенін айтты
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оқиғаға түсініктеме беріп, Киев "Ресейдің құрлық күштері мен зымырандарының шабуылынан тағы бір түн аман қалды", – деді.
Қалада әуе дабылы жарияланды. Тұрғындардан баспаналарға жасырынуды сұрады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған