Қыдырәлі Болманов кіші қызына қандай есім қойғанын айтты
Әнші Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін өмірге әкелді. Тағы да әке атанған Қыдырәлі Болманов кіші қызына қандай есім бергенін айтты.
Болмановтар әулетіндегі қуанышты жаңалықты үйдің отағасы Қыдырәлі Болмановтың өзі хабарлады.
Көпшіліктен сүйінші сұрап, жарының тағы да қыз баланы өмірге әкелгенін айтты.
Жұлдызды жұп баланың есімін азан шақырып Айзада деп қойды.
"Алланың нығметі мен рахымын толық сезініп тұрған сияқтымын. Қызымның есімін отбасыммен, балаларыммен ақылдаса келе, Айзада деп қойдық. Аялаға ұқсас болсын дедік. Аяланың есімін өзім қойғанмын", - деді продюсер.
Қарақат: Биыл аяулы анам мәңгілік сапарына аттанды, оның орнына қызым өмірге келді
Қарақаттың өзі желіде сәбиін аман-есен өмірге келуіне себепші болған ақ халаттыларға рахметін айтты.
Айта кетейік, шоу-бизнес өкілдері арасында көп балалы ата-ана қатарында Қыдырәлі мен Қарақат қана емес, Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева т.б. бар.
Айта кетейік, Қыдырәлі Болманов желіде сүйінші хабарды өзі хабарлап, қуанышын бөліскен еді.