KiaGo үшінші автошеруі: Шығыс Қазақстан
28-29 шілде аралығында KiaGo “Қазақстанды таныңыз” атты үшінші автошеруі өтті. Блогерлер мен журналистерден құралған топ Kia автокөліктерін тізгіндеп, еліміздің ең әдемі жолымен өтіп, Шығыс Қазақстан облысының көрнекті жерлерін жаңа қырынан таныды.

Көптеген елдерде өзін құрметтейтін әрбір көлік жүргізушінің өтіп шығуға тиісті жолдары бар. Қазақстанда дәл сондай жолдардың бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолы. Табиғи сұлулыққа толы бұл жол Көктерек асуын, Қатон-Қарағай қорығын, Берел қорғанын және Бұқтарма су қоймасын қамтиды.



Автошеру барысында жаңа Kia Sportage көптің көңілін өзінің ерекше, футуристік келбетімен аулады, ал көлік жүргізушілері мен жолаушылар оның жайлылығына, толық жабдықталғанына, кеңдігіне және кроссоверге тән автомобиль өткіштігіне таңғалды. Автошеруге қозғалтқышы 2.5 құрайтын 8-сатылы “автомат” және толық жетекті нұсқалар қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанда моторы 2.0 (150 л.с.) және алдыңғы немесе толық жетекті 6-сатылы АБҚ түрленімі қолжетімді.

Автошеру ұйымдастырушыларының айтуынша, бұндай саяхаттар табиғаттан ляззат алуға, қаладағы қарбалыстан, жұмыстан демалуға, жаңа жерлерді ашуға және өз-өзіңді сергек сезінуге көмектеседі. Бұл – нағыз шабыттандыратын қозғалыс.

“Қазақстанды таныңыз!” KiaGo автошеруін қолдаған серіктестер: Kazakh Tourism, Visit East Qazaqstan, Samal Water және Litro.