Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КХДР басшысының денсаулығы туралы тағы бір хабар тарады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның денсаулығы шынымен де нашар болуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттің экс-диспломаты Тхэ Ен Хо мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ким Чен Ын

Бұл туралы CNN арнасында айтылыпты. 

Оның сөзінше, КХДР басшысы Ким Чен Ын марқұм әкесі Ким Ир Сеннің туған күніне арналған іс-шараларға қатыспауы халықтың алаңдатушылығын туғызады. 

"Оның шынымен де ауыр отадан өткені жайлы білмеймін. Бірақ, менің ойымша, Ким Чен Ын өз бетімен жүріп-тұра алмайды", - дейді дипломат.

Сондай-ақ ол Солтүстік Корея басшысы жайлы шынайы мәліметтерді тек оның әйелі, әпкесі мен жақын көмекшілері ғана білетінін айтып кетті. Айтуынша, КХДР-дың бұрынғы басшысы Ким Ир Сен қайтыс болған кезде бұл ақпарат екі күн бойы жарияланбаған. 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ КХДР басшысы қайтыс болды деген ақпарат таратқан болатын. Бірақ артынша Солтүстік Корея мемлекетінің өкілдері бұл хабарды жоққа шығарды. 


КХДР басшысы қайтыс болды деген хабар қайдан шыққаны белгілі болды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр