Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кезектен тыс сайлауда қазақстандықтардың 77,4%-і дауыс берді - ОСК

Жалпы сайлауға дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың 77,4%-і сайлауға қатысты. Бұл туралы ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменова Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Сағат 20:00 кезінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 9 өңірінде дауыс беру аяқталды. Елорда уақыты бойынша сағат 21:00 кезінде Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру тоқтады. 

Ақмола облысында халықтың - 83,4%, Ақтөбеде - 84,95, Алматы облысында - 89%, Атырауда - 71,2%, Шығыс Қазақстанда - 84,9%, Жамбылда - 81,3%, Батыс Қазақстанда - 66,3%, Қарағандыда - 77,3%, Қызылордада - 81,6%, Қостанайда - 84,1%, Маңғыстауда - 68,9%, Павлодарда - 81,2%, Солтүстік Қазақстанда - 79,8%, Түркістанда - 84,8%, Нұр-Сұлтанда - 68,95, Алматыда - 52,2% және Шымкентте - 67,6 процент дауыс берді. 

Дауыс беру қорытындылары учаскелерде 12 сағат бойы саналады. 20 сағат ішінде сайлаушылардың - 77 проценті, 16 сағатта - 65,9 проценті, 14 сағатта - 51,8 проценті, 12 сағатта - 35,1 проценті, 10 сағатта - 12,8 проценті дауыс берді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр