Кезектен тыс президент сайлауы: Қазақстанда 8 миллионнан астам азамат дауыс берді
18:00-дегі жағдай бойынша сайлауда дауыс беруге құқылы азаматтардың 67,08%-ы дауыс берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру басталған уақыттан бері елімізде 8 108 668 азамат бюллетень алған.
Шавхат Өтемісовтің сөзінше, АҚШ пен Канадада салйау учаскелері өз жұмысын бастаған. Ал Сан-Францискода уақыт белдеуінің өзгешелігіне байланысты учаске кешірек ашылады.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады. Аймақтар бойынша Түркістан облысы көш бастады. Мұнда азаматтардың 80,25%-ы дауыс берген. Ал Алматыда тұрғындардың небәрі 27,93%-ы дауыс берді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған