Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кездесуге рұқсат бермеді": Павлодар облысында жігіт сүйіктісінің анасы мен өгей әкесін өлтіріп тастаған

Павлодар облысындағы Берегов ауданының 22 жастағы тұрғыны Теренкөл ауылының екі тұрғынын өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 жастағы жас жігіт өткен жылдың қараша айында кәмелетке толмаған қызбен танысып, қатынас құрған. Алайда бұл жақындық жігіт қызға қол көтергеннен кейін үзіліпті.  

Айырылыспас бұрын жігіт қарым-қатынасты ретке келтіруге тырысқан. Алайда қыздың анасы мен өгей әкесі бұған қарсы болыпты. 

Бұған қатты ашуланған жігіт қарым-қатынасына кедергі келтірген қыздың ата-анасынан кек алу мақсатында, оларды өлтіріп тастаған.

Жігіт 2 шілде күні кешке екі пышақ алып, қыздың үйіне келеді. Түнгі бір шамасында үйдің қақпасынан өтіп, қыздың анасына шабуылдайды. Ол әйелдің мойнына үш рет пышақ сұғып алған. Келіншек көмек сұрап айқайлаған кезде күйеуі де сыртқа шыққан, оған да шабуыл жасалған. Қыздың әкесі оқиға орнында қайтыс болды.

Осыдан кейін жігіт пышақты Ертіс өзеніне лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ полициядан қашып құтыла алмады.

Қазіргі таңда жігітке Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы “Екі және одан да көп адамды өлтіру” бойынша айып тағылып отыр. Егер жігіттің кінәсі дәлелденсе, он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Талқылау