Министр кейбір мамандықта оқитын студенттерді әскерден босатуды ұсынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы техникалық мамандардың тапшылығын еңсерудің жолы ретінде оларды әскерден босатуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.
“Техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген адамдарды әскери борышын өтеуден босату туралы мәселені қарастыруды және колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашуды ұсынамын”, – деді Светлана Жақыпова үкімет отырысында.
Ол сондай-ақ халықаралық келісімшарттар бойынша шетелде жұмыс істегісі келетін жастарға дайындық курстарын ұйымдастыру орталықтарын ашу жоспарлары туралы айтты. Мұндай орталықтар ШҚО, Түркістан және Алматы облыстарында ашылмақ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"