Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбір қазақстандықтардың несиесі есептен шығарылмақ: Ол кімдерге қатысты

Қазақстанда кейбір санаттағы азаматтардың несиелері есептен шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ortkom

Қизатов ақпан айында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы заң күшіне енгенін еске салды. Қазір бұл құқықты 385 мың қазақстандық пайдаланған.

"Біз банктер мен микроқаржы ұйымдарының осы нормаларды орындаудағы жауапкершілігін қосымша қарастырдық. Егер олар несие алудан бас тартқан тұлғаларға несие берcе, банктер мен микроқаржы ұйымдары осы қарыздарды есептен шығаруға және кредиттік бюро жүйесінде аталған тұлғаларға қатысты теріс несие тарихын алып тастауға міндетті", – деді ОКҚ брифингінде агенттік төрағасының орынбасары.

Бұған дейін қаржылық қызметтерде тұтынушыларды қорғау мақсатында үкімет 2023 жылдың сәуір айында несиелік алаяқтықпен күрес тетіктерін енгізу бойынша жол картасын бекітті. Оның аясында қазақстандықтардың банктік несиелер мен шағын несиелерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу немесе алып тастау құқығы туралы түзету қабылданды.

Талқылау