Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou тобы: Продюсер не айтса соны киеміз, қарсылық білдіруге құқымыз жоқ

Жуырда ғана Мөлдір Әуелбекова “кезінде КешYou тобында продюсерлердің талабымен ашық-шашық киіндік” деген сөзі үшін дауға қалған еді. Әншінің бұл сөзіне ашуланған продюсер Баян Алагөзова Мөлдірді ашық алаңға шақырған-тын. “Бірге сұхбат беріп, бар шындықты айтайық” деген Баянның сөзін Мөлдір онша елей қоймайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова Мөлдірдің сөзі шындыққа жанаспайды деп мәлімдеме жасады. Алайда КешYou тобының қазіргі құрамында ән салатын қыздардың сөзіне қарап олай деу қиын.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында КешYou тобының қыздары орындайтын ән мен киетін киімдерін продюсерлердің таңдайтынын ашық айтты.

“Образымыз қызық болды. Ол Баян Мақсатқызының өзінің ойынан туындаған. Шашымыздың түсі қызыл, көк, ақ болды. Неше түрлі жылтырлар жағылды. Әрине, шетелде көп қой. Бірақ Қазақстанда бірінші бізде болған сияқты, сондықтан өте қызық болды”, – дейді қыздар Swala la la әнінің клипі жайында.

Баянның қыздары аталған ән мен бейнебаянды сынға алғандарға жауап берді. Ашық-шашық киіндіңдер деп ұрысқандарға КешYou тобының айтар жауабы дайын.

“Біз қарсылық білдіре алмаймыз. Продюсерлер осы әнді айтасыңдар десе, айтып шығамыз. Киім образына келгенде өз пікірімізді қоса аламыз. Бірақ 100%-ға мына киімді кимеймін деп қарсы шыға алмаймыз. Кигіміз келмесе, ұсыныс білдіреміз”, – дейді топ қыздары.

Сондай-ақ, КешYou солистері соңғы клипті атышулы Ninety one тобының әнімен салыстырып жатқандарға жауап берді.

“Бізді 91 тобымен салыстырып жатыр, бірақ ол дұрыс емес. Осы бейнебаянға жазылған пікірлерді оқысақ, кей көрермендер Q-pop бағытына кетіпті деп жатыр. Бірақ бұл мүлдем ол бағыт емес. Бұл америкалық стильдегі ән.

Қазір мәнісі жоқ сөздер сән боп кетті ғой. Шынын айтсақ, эшкере деген сөздің мағынасы бар, бірақ мәнісі жоқ. Эшкере деген берген нәрсені жұтып ал, әрі қарай алып кет дегенді білдіреді”, – дейді КешYou тобы.

Жіберіп алмаңыз:

Бойдақпын мен: Әлішер Кәрімов үйленемін деп уәделескен қалыңдығымен айырылысып кетті

Сәкен Майғазиев “Қалаулымның” шашбауын көтеріп жүрген әріптестерін сынап тастады

Қорқып кеттім: Қайрат Әділгерей “Түнгі студия” бағдарламасына қалай шақырту алғанын айтты

«91» тобының продюсері енді «Қазақстан» арнасында жаңа реалити-шоу жасамақ

 

Талқылау