КешYou-дің экс-әншісі күйеуінің опасыздығы жайлы ашық айтты
"Некем сәтсіз болған сияқты" деп жұртты алаңдатқан Элизат Берікова отбасылық өміріне қатысты құпияның шетін ашты. Айтуынша, күйеуі өзге әйелдің соңынан кеткен. Бірер жыл бұрын ғана отбасын құрған жұптың шаңырағы шайқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
КешYou-дің бұрынғы әншісі соңғы кездері уайымға салынып жүргенін жасырмайды. Мұны Элизатты көрген таныстары да бірден байқаған.
"Уайым адамды қатты жеп қояды екен, өзімнен көріп отырмын! Мені танитын адамдардың бірінші сұрағы: “Неге соншама арықтап кеткенсің?!” Мен әдейі тамақ жемей арықтаған жоқпын. Денсаулығымды құртып әдемі болмай-ақ қойдым! Керісінше, қайтадан денсаулығымды орнына келтіре алмай жүрмін!
Бірінші балама аяғым ауыр кезде, 6 айда аппендицит болдым! 2 баламда да кесарево болды. Одан кейін тағы мини операция, 2 жылда 4 наркоз! Ешкімнің басына салмасын.
Наркоздың әсерлерін білесіздер, қатты ұмытшақ болады екенсің. Мен бұрын 1 әнді бір түнде жаттап алатынмын, қазір нені қайда қойғанымды ұмытып қаламын. 2 эпидуралкадан кейін, манты түйгенде, ыдыс жуғанда үндемей-ақ қояйын. Жасың болса 27-де", – деді Элизат.
Өнер иесі денсаулығын қалпына келтіре алмай, балаларымен, жеке бизнесімен әлек болып жүргенде, жан жолдасы басқа әйелдің соңынан кеткен көрінеді.
"Қолда бар да алтынның қадірі жоқ! Қазір балалар кішкене өсті, мен есімді жинадым, кәсібімді аштым. Әп-әдемі 2 баласы бар, мендей қызды қайдан табар екенсің? Далада жүрген қыздың артынан жүремін деп, үйіңде күтіп отырған семьяңнан айырылып қалдың ғой!" – деп жазды ол Instagram-да.
Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.