Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеше – пәтер, бүгін – көлік": Әнші Садраддин Болат анасына ерекше тосынсый жасады

Жастар арасында кеңінен танылған әнші, хит әндердің авторы Садраддин Болат жаңа жыл қарсаңында анасын қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Былтыр әнші анасына пәтер сыйлаған болатын. 

“"Сенің арқаң, анажан" деп осындай сыйлыққа лайық көріп тұрса, неге қабылдамасқа?! Лайым, өсірген перзенттеріміздің тек рахатын, қызығы мен бақытын ғана көруді жазсын! Жаңа жылға тек жақсылыққа мінетін хайырлы көлік болсын деп көліктің кілтін сыйлаған балама рақмет! Құдай саған жәннат қақпасының кілтін сыйлап, ашып бергей! “Көтермесе көңілді кір басады”демекші, баяғыдай жаңа жыл болмаса да келер жылға жоспар құрып, ескі жылға есеп беріп, жылдан-жылға аяқ басқанның өзі де бақыт емес пе?! 
Үйімізде жақындарымызбен-ақ тойлап, өзімізге өзіміз жаңа жыл жасап жүре берейікші...”, – деп жазды әншінің анасы Айгүл ханым. 

Желі қолданушылары көлікке құтты болсын айтып жатыр. Әншінің анасы көлік алуға ешқандай дайындықсыз келгенін айтып ақталды. 

“Көйлек неге кимеді?!” деп сөкпеңіздер! Видео түсіру ойда болмаған. Көлік сататын салонға тек кіріп шығу ғана ойда болған. Кеше карта нөмер қалдырайын деп көрімдік сұрағаным да қалжың болатын. Садрдың тыңдармандары көрімдік береміз деп нөмер сұрап жатыр. Ниеттеріңнен айналдым! Бізден артық көзіне жас алып, қуанып жатқан ағайынға мың алғыс!”, – деді Айгүл Есқара. 

 

Талқылау