Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов Нұрлан Қоянбаевтың Африкада түсірген фильмін сынап тастады

Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі қазақ киносына көңілі толмайды. Әсіресе, кинорежиссерлер мен продюсерлердің тілдің тазалағыны мән бермейтіні “Музарт” тобының әншісін қынжылтады.

Кенжебек Жанәбілов Нұрлан Қоянбаевтың Африкада түсірген фильмін сынап тастады

Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Шынында да қазір қазақтың киносында орысшаны да, қазақшаны да біріктіріп қосып жатыр. Біркелкі қазақша киноны көре алмадым, кейбір жерінде орысша қосып жібереді. Бір ыңғайлаған дұрыс деп ойлаймын. Қазақша не орысша”, – дейді Кенжебек.

Сонымен қатар, Жанәбілов жастарға теріс тәрбие беріп жүрген киноөндірушілерді де сынға алды. Айтуынша, олардың қатарында соңғы кездері табысты продюсерге айналған Нұрлан Қоянбаев та бар.

“Айтып кетейін, жақында ғана Нұрлан Қоянбаев түсірген “Бизнес по-казахски в Африке” деген фильмін отбасыммен көріп едім. Ойлаған жоқпын. Ішіндегі ыңғайсыз жағдай болды. Оны мен ғана қабылдаған жоқпын. Қазір әлеуметтік желі дамыған заман ғой. Бір досымыздың үйіндегі кішкентай бүлдіршін сол киноға барған, қолымен көрсеткен нәрсесін қайталап жатыр. Ол біздің жастарымызға жақсы үлгі емес деп ойлаймын”, – дейді Кенжебек.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр