"Кенже балаңа асықтың ба?" Әнші Qanay-дың отбасы қара жамылды
Фото: https://www.instagram.com/qanay.913?
Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанайдың әкесі бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
“Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім, кешірші, әке”, – деп жазды ол.
Әнші әкесінің дүниеден өткенінен анасы әлі де бейхабар екенін жазды.
“Анашыма айтпай ауылға ұшырып жібергем ғой. Атырауға Құлсары жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді”, – деп жазды ол.
Еске салайық, әнші Qanay-дың сұхбаты көптің ашуын тудырғаны хабарланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар