"Кеңес Одағында өмір сүргіміз келе ме": Индустрия министрі бағаны бақылау баяғыны еске салатынын айтты
Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет құрылыс материалдары мен тұрмыстық техниканың бағасын бақылау шараларын қабылдай ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: primeminister.kz
Министрдің айтуынша, бағаны бақылау туралы әңгіме баяғыны еске салады.
"Шынымды айтсам, бағаны бақылауды айтқан кезде, неге екені белгісіз, баға бақылауы мен тапшылық болған Кеңес Одағында өмір сүргіміз келетіндей боламыз. Кейбір жастардың есінде жоқ шығар, бірақ мен бұл кездерді ұмытпадым. Сондықтан бір шешімге келейік – егер қолымызда жақсы телефон болғанын қаласаңыздар, мысалы сізде IPhone немесе Samsung, нарықтық экономиканың дәл осыған негізделгенін көремін. Сізде таңдау бар, оларды өзіңіз сатып аласыз", – деді министр.
Шарлапаевтың айтуынша, қазақстандықтардың қымбат, қымбат емес жабдықты сатып алу мүмкіндігі бар.
"Меніңше, нарық үлкен. Қазақстанда шығарылатын техникалар бар. Саран қаласында электр жабдықтарын шығаратын зауыт бар. Нарық ұсыныс тұрғысынан айтарлықтай кең, одан да көп бюджеттік бар. Тиісінше, бұл нарықтық экономиканың негізгі принципі” – деп қорытындылады Шарлапаев.