"Келмей жатып, қарайып кетті": Ерке Есмахан шығарған әшекей бұйым сынға қалды
Танымал әнші Ерке Есмахан шығарған сотуар бұйымы сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Өнер иесінің сотуарының құны 50 мың теңге болатын. TikTok желісінде бұйымның қарайып кеткен видеосы тарады.
“Келмей жатып, қарайып кеткен сотуар. 50 мың теңгеге алтын алу керек еді. Ақшамды қалай қайтарып алуыма болады? Қызғылт алтын екенін түсініп тұрмын. Бірақ мына бұйым қап-қара болып кеткен. Сатушыға жазсам, жауап жоқ”, – деп жазды желі қолданушысы.
-
"Ұзақ уақытқа кетеміз": Ерке Есмахан отбасымен бірге демалысқа аттанбақ
-
Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші баласына жүкті екенін айтты
Эстрада жұлдызының жеке бизнесін дамытуға қолдау білдіріп, бұйымын сатып алған көпшілік жарыса пікір жазып жатыр.
“Кім не сатса, соны алып отырсыңдар”, “2-3 мың теңге тұратын титан қараймайды”, “Еркенің қай жері ырым?!”, “Бәрі енді кеш. Ерке сотуардың ақшасына саяхаттап кетті”, “Таза алтын емес екенін білдіңдер”, “Ұзын алтында 50 мың теңгеге беретін әнші ақымақ емес”, “Мен де сатып алып едім, қарайып кетті”, “Ақшамызды қалай қайтарып алсақ болады?!” – деп ашуланды көпшілік.
Еске салайық, өнер иесі “Менің энергиям қосылған" деп әшекей бұйым жасап шығарған еді.
@kusnatova #raim #erke ♬ Sen Qyz - Erke Esmahan