Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келісімшартпен есіктен немесе 29-қабаттың терезесінен шығасың": Продюссер Джей Зи әнші Рианнаны 12 сағат қыспақта ұстаған

Продюсер Джей-Зи әнші Рианнаны 16 жасында келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, түні бойы кеңседе ұстаған. Рианнаның бұл туралы айтып жатқан видеосы желіде тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылары Джей Зиді жас жұлдызды қорлады деп айыптап, P.Diddy-мен бірге әрекет етті деп болжады.

P.Diddy қамауға алынғаннан соң Рианнаның видеосы тарады. Ол 2005 жылы The Tyra Banks Show шоуында осыны айтып берген. 17 жастағы Рианна жүргізушіге Jay-Z – Def Jam Recordings лейблімен келісімшартқа отырған кездегі құпияны ашты.

"Бұл жерден тек екі жолмен шыға аласың” деді. Бірі – келісімшартқа қол қойып есік арқылы немесе терезе арқылы шығасың. Біз 29-қабатта екенімізді ұмытпа” деген", – деді Рианна.

2005 жылы MTV арнасына берген сұхбатында Джей Зи Рианнаның сөзін растады. Продюсер әншіні түнгі үшке дейін 12 сағат кеңседе ұстаған.

"Біз келісімшартқа түнде қол қойдық. Біз оның кеңседен шығуына рұқсат бермедік. Келісімшартқа түнгі үште қол қойды", – деді Джей Зи.

Желі қолданушылары Джей Зидің Рианнаға деген дөрекі қарым-қатынасын 2008 жылы Грэмми марапаттау рәсімінде сөйлеген кезінде байқады. Марапат барысында продюсер Рианнаның сөзін бөліп, басын изеп, микрофонға сөйлегенін бақылап тұрған. 

"Әке, мен сізге бірінші Грэммиімді сыйлаймын деп уәде бергем, бірақ бұл үшін күресуіміз керек шығар", – деп бастады Ри.

Рианна сөйлеп жатқанда Джей Зи тағы да сөзін бөлмек болады, бірақ Рианна қолын созып, мүмкіндік сұрағандай ишара білдіреді.

Бопсалау, сексуалдық құлдық және жезөкшелікке тарту бойынша қамауға алынған P.Diddy мен Джей Зи дос. 1997 жылы музыканттар бірге жұмыс істеді, Джей Зи P.Diddy-ге ән шығарды.

1999 жылы екі рэпердің басы дауға қалды. Джей-Зи Untertainment Records бас директоры Лэнс Ривераны пышақтады деп айыпталды, оның досы Нью-Йорктегі түнгі клубта атыс ұйымдастырды деп күдікке ілінді. Десе де кейін екеуі де жазадан құтылып кетті. Қазір көпшілік Пи Диддидің әрекеттеріне Джей Зи мен Бейонсенің қатысы бар деп болжап отыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Голливудтағы сексуалды құлдық қылмыстары әшкере болған еді. 

Талқылау