Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келін болса сендей-ақ болсын": Айнұр Тұрсынбаева енесінің көзінше қар күреп, көпшілікті сүйсінтті

Түркияда тұратын танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева елге келіп, келіндік қызмет жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/

Өнер иесі жеке парақшасына видео жүктеп, енесінің екіқабатты зәулім үйінің қарын күреп жатқанын көрсетті.  

“Жетісіп жүрген ешкім жоқ қой... Үйдің жұмысын тастай қылып, енді далаға шықтық.… Абысыным екеуіміз әжептеуір арықтап қалдық. Қатал ене рөлінде – Гүлнар Бозжігітова”, – деп жазды ақын. 



Желі қолданушылары домбырасын күрекке айырбастаған ақынға риза болды. Енді бірі әзілге айналдырып, түрлі нұсқаларын айтты. 

“Бұл челлендж емес пе, Райым да келіп қайынжұртының қарын күреп беріп кетті” деп әзілдеді Ерке Есмаханның ағасы.

“Енесі қатал көрінеді екен”, “Енеге қызмет орталығы ашсаңыздар болады”,  “Айнұр әпкенің бала күнінен қара жұмыс істеп өскені көрініп тұр”, “Келін болса сендей-ақ болсын”, “Гүлнар апай өте жақсы кісі, бірақ реңі суық болғасын көп адам бата бермейді”, “Шынымен Айнұрдың өзі ме?!” деп жазып жатыр оқырман қауым.  

Еске салайық, айтыскердің айтысқа ешкім шақырмайды деп өкпелегенін жазған едік. 

 

Талқылау