Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда келесі жылдан бастап ҰБТ-ға жаңа пән енгізіледі

Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті.

"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап "Информатика мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" білім бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да "Математика+Физика" орнына "Математика+Информатика" комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.

Айта кетері, 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән "Физика" болып қала береді.

Бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл (наурыздағы ҰБТ кезінде) ІТ-бағыттарға түсу үшін "Математика+Информатика" комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.

Талқылау