Басты жаңалықтар
Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы тек түнде ғана жұмыс істейді
Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде қана қона алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.
"15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын жүргізіледі", – делінген ресми хабарламада.
Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді.
Сондай-ақ мемлекеттік күзет қызметі мен "Бүркіт" әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.
Талқылау

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде еткен": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
Жеке кәсібін қолдануға алған алаяқтар оған өтемақы ретінде күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген