Келесі апта Алматы қаласында және тағы екі облыста жер сілкінісі болады деп күтілуде
Келесі апта Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облыстарында 3-3,5 баллға дейін сезілетін жер сілкінісі күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы болжамдық комиссияның қорытындысынан кейін cейсмология институты мәлімдеді.
Институт директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, биылғы жылы Алматының болжамды диапазон аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді.
"Қазіргі таңда Алматы болжамдық полигонының аумағында (Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істеп тұр", – деп хабарлады ТЖМ cейсмология институтының баспасөз қызметі.
Институт базасында төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СЭМЭ) қызметкерлері кіретін тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту