Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі – балаңыздың біліміне арналған капитал

Фото: Halyk Bank баспасөз қызметінен

Halyk мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде әзірленген "Келешек" бағдарламасының қатысушысы. Бұл бағдарламаның мақсаты – балалардың білім алуына арналған түрлі қызметтерге қаражат жинағын құру. Ал оған 2020 жылы туған және одан кіші Қазақстан азаматтары қатыса алады.   

Бағдарлама қалай жұмыс істейді? 

Мемлекеттік қолдаудың бұл жүйесінде 5 жасқа толған қазақстандық балаларға мемлекет тарапынан бастапқы білім беру капиталы бөлінеді. Кейін жинақталған бұл қаражатты болашақта Қазақстанда да, шетелде де білім алуға пайдалануға болады.

Бастапқы капиталды алудың негізгі шарттарының бірі – AQYL салымының болуы. Halyk балаларға арналған AQYL салымын мобильді қосымша арқылы онлайн ашуға және салым мерзіміне байланысты жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 13,6%-дан 14%-ға дейінгі көлемде ай сайынғы сыйақы алуға мүмкіндік береді. Енді бөлімшелерге барып, қағаз құжаттарды жинаудың қажеті жоқ. Барлық процедура бірнеше минутта жасалады әрі жеңілдетілген. Ол үшін Halyk қосымшасына кіріп, "депозиттер" бөлімінен "AQYL білім беру салымын" таңдап, баланың деректерін көрсету арқылы салым ашу қажет. Салым ашылғаннан кейін ата-аналар кез келген ыңғайлы уақытта қосымша арқылы қаражат қалдықтарын өз бетінше тексере алады. AQYL салымы белгілі бір мақсатқа арналғандықтан жинақталған ақшаны тек университет немесе колледждегі оқу ақысын төлеуге аударуға болады.

Бұдан бөлек, "Қаржы орталығы" АҚ-ның қолдауымен "Келешек" бағдарламасының AQYL салымшыларына оқуға жеңілдіктер жасау үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қою бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір AQYL салымшыларына Қазақстанның үш жоғары оқу орны жеңілдік жасауға дайын. Олардың арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Coventry University Kazakhstan оқу орындарымен уағдаластық болды.

Бастапқы капитал бала 5 жасқа толғанда ашық AQYL депозитіне аудару арқылы бір рет төленеді. Стандартты төлем – 60 АЕК, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 120 АЕК. Бастапқы капитал күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында немесе келесі жылдың 28 ақпанына дейін 5 жасқа толған балаларға, сонымен қатар 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 5 жасқа толған балаларға аударылады. Алты жастан асқан балалар бағдарламаға қатыса алмайды.

Салымдағы бастапқы капиталды сақтау үшін ата-аналар салымды жыл сайын 24 АЕК, ал басымдық санаты үшін 12 АЕК-ден кем қылмай толықтыруы керек. Салымды жыл сайын бала 18 жасқа толғанға дейін немесе білім беру ұйымына оқуға түскенге дейін толықтыру керек. Салымшы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатса, онда ол жыл сайынғы міндетті жарнадан босатылады. Салым жылдық жарна сомасына толықтырылмаса, алынған бастапқы капитал бюджетке қайтарылады. 

Бұл ретте депозит жұмыс істеп тұрады және оған басқа төлемдер жүргізіле береді: 

- мемлекеттен берілетін сыйлықақы (жыл сайын жинақ сомасының 5-7% мөлшерінде төленеді); 

- 18 жасқа толған кезде Ұлттық қордан мақсатты жинақталған төлемдер; 

- Банктің ай сайынғы сыйақысы.

Барлық төлемді ескергенде AQYL депозитіне қанша ақша жинауға болады?

Мысалы, AQYL депозиті 15 000 теңгемен ашылды делік. Депозитке 235 920 теңге болатын бастапқы капитал аударылды. Жыл сайын депозит 100 000 теңгеге толығып отырады. Бала 18 жасқа толған кезде депозитке банктің сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып, шамамен 7 000 000 теңге жиналады.

"Келешек" – бүкіл Қазақстанды қамтитын мемлекеттік бастама, ел болашағы үшін іске қосылған салым. Бұл әр балаға отбасының табыс деңгейіне қарамастан үздік жоғары оқу орындарында сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Halyk мобильді қосымшасы арқылы AQYL депозитіне бүгін өтініш беріңіз және балаңыздың болашағына алдын ала қамқор болыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 14:30
Талқылау