Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға жас әрі еңбекке қабілетті кезінде зейнетақыға қаражат жинауға кеңес берді

Тимур Сүлейменов
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға зейнетақы қаражатын жас әрі еңбекке қабілетті кезінде жинау қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, зейнетақы жинақтарын депозит немесе күнделікті қажеттіліктерге жұмсайтын қаржы көзі ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені осы қаражат адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өмірін қамтамасыз ету үшін арналған.

"Мен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мәнін еске салғым келеді. Оның мақсаты – адам жас, белсенді және еңбек етуге қабілетті кезінде қаражат жинауы керек. Себебі 63 жасқа келгенде ол зейнетке шығады және тұрақты табыс көздерінен айырылады. Сол кезде адам еңбек еткен жылдары жинаған қаражатына сенуге тиіс. Зейнетақы жүйесін дәл осылай түсіну қажет. Оны қарапайым депозит ретінде қарастыруға болмайды. Немесе тұрғын үй сатып алу үшін ақша жинайтын Отбасы банкінің салымы сияқты қабылдауға болмайды. Бүгін ақша жинап, кейін оны өз қажеттілігіңе жұмсаймын деу дұрыс емес. Зейнетақы шоты – болашақтағы өзіңнің зейнетақымен қамтылуың үшін арнайы ашылған жеке шот. Оның қандай мақсатта құрылғанын ешқашан ұмытпау керек", – деді Тимур Сүлейменов.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға зейнетақы қаражатын жас әрі еңбекке қабілетті кезінде жинау қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын депозит немесе күнделікті қажеттіліктерге жұмсайтын қаржы көзі ретінде қарастыруға болмайды, өйткені бұл қаражат адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өмірін қамтамасыз ету үшін арналған.

Еске салайық, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін жариялады. Жаңа көрсеткіштер бойынша шек жас ерекшелігіне қарай 79%-ға дейін өсті. Соның салдарынан көптеген қазақстандық тұрғын үй сатып алу немесе ипотеканы өтеу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігінен айырылуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 10 Маусым, 2026 16:06