Кедей отбасынан шыққан қыз елдегі ең әдемі ару деп танылды
Бүкіл өмірін кедейлікте өткізген қыз супермодельге айналып, әйгілі болды. Ол балалық шағын жер телімінде еңбек етумен өткізген. Бірақ бойжеткен шақта ойламаған жерден танымалдыққа ие болды.
Вьетнамдық 19 жастағы До Тхи Ханың балалық шағы жер телімінде және үй жануарларға қарауыл болатын әкесінің фермасында жұмыс істеумен өткен.
Жасөспірім кезінен бастап қыз ата-анасының жақсы өмір сүруіне көмектесуге бекініп, университетке түсу үшін ақша жинай бастаған.
2018 жылы ол Ханойдағы ұлттық экономикалық университетке түсті. Күнделікті шығынына ақша табу үшін жергілікті барда, сондай-ақ бұзау тасымалдаушысы болып жұмыс істеген. Ханың айтуынша, осы уақытта ол сыныптастары мен басқа да бейтаныс адамдардан мақтау сөздер естіп, өзіне сенімді бола бастаған.
Бірде студент университетінің атынан сұлулық байқауына қатысуға бел буып, жеңіске жетті.
"Мен жүлделі орынға ие боламын деп күтпеген едім", — деп мойындады ол.
Осыдан кейін болашақ сән жұлдызы Хошиминдегі ұлттық іріктеуде өнер көрсетті, онда да бірінші орынға ие болды.
Екі жарыста жеңіске жеткен соң Ха елдегі ең әдемі қыздарға арналған "Мисс Вьетнам" байқауына барды. Байқауға 34 қыз қатысты. Бірнеше кезеңнен өткеннен кейін модель өзге қыздарды басып озып, басына тәж киді.
"Қыздарға ешқашан берілмеуге шабыт бере аламын", - деді Ха.
Тәжден басқа, модель шамамен 15 мың доллар алды. Ол қаражатты әкесінің бизнесін дамытуға жұмсауды жоспарлап отыр.
"Осы уақыт аралығында ата-анам мені қолдады, тәж алатыныма сенді", - деп түйіндеді қыз.